
Астанада XIV Ұлттық Дельфий ойындары басталды. Елорда бұл ауқымды мәдени шараны 4-ші рет қабылдауда, 17 қыркүйекке дейін жалғасады. Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Мәдениет басқармасы мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева мен Ұлттық Дельфий комитетінің директоры, Халықаралық Дельфий комитетіндегі Қазақстан Республикасының өкілі Құралай Түспекова баяндап берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ойындар 2 жас (10-15 және 16-25 жас) санатындағы 14 конкурстық номинация бойынша өтеді. Қатысушылар фортепиано, скрипка, академиялық ән айту, халық аспаптары, халық әні, халық биі, заманауи би, фотография, киім дизайны, көркем оқу, театр өнері, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, ым-ишара тілінде ән айту бойынша бақ сынайды.
Еліміздің 17 облысының ішінен турнирге 500 өнерпаз қатысады. Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпаздары 2023 жылғы 6-10 қазан күндері Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өтетін Халықаралық Дельфий ойындарында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.
14 қыркүйек күні, сағат 14:00-де қалалық Достық үйінде ҚР Парламенті депутаттары, Халықаралық Дельфий комитеті өкілдері, еліміздің барлық өңірлерінен келген мәдениет және қоғам қайраткерлері және Стамбул консерваториясының профессорының қатысуымен DELIVERY UNIT форматындағы «Адал азамат. Франкенштейн әлде келешекке нық қадам ба?» атты стратегиялық сессиясы ұйымдастырылады және сол күні сағат 19:00-де «Жастар» сарайында әр жылдың жеңімпаздары мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсететін ашылу салтанаты өтеді.
15-16 қыркүйек күндері 10:00-ден 19:00-ге дейін «Жастар» сарайында «Ым-ишара тілінде ән айту» және «Эстрадалық ән»номинациялары, ал әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында халық және заманауи би, халық аспаптары, халық әні, фотография номинациялары бойынша байқаулар басталады.
15 қыркүйек күні 10:00-де М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының сахнасында жастардан құралған театрлар өздерінің конкурстық жұмыстарын ұсынатын конкурстық спектакльдер қояды және көркемсөз оқу шеберлерінің өнерлерін тамашалай алады.
16 қыркүйекте 19:00-де жеңімпаздардың Гала-концертімен тәмамдалады, Ұлттық Дельфий құрамасының мүшелері мен XIV Ұлттық Ойындарының жеңімпаздары өнер көрсетеді.