
Астананың 25 жылдығына арналған бейнероликтер байқауы жалғасып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Байқауға қатысу үшін бейнероликтерді қабылдау мерзімі 2023 жылдың қазан айының 14-не дейін ұзартылды.
Астана қаласы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасы елорданың 25 жылдығына арналған әлеуметтік бейнероликтер байқауын өткізуде.
Қатысушылар өз жұмысын дінге байланысты түрлі тақырыптарға: ұлттық құндылықтарды насихаттау, экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу, конфессияаралық келісімді ілгерілету, зайырлы мемлекеттің негіздері және т.б. жібере алады.
Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 750 000 теңге.
1 орын – 1 000 000 теңгеге сертификат;
2 орын – 500 000 теңгеге сертификат;
3 орын – 250 000 теңгеге сертификат.
Толығырақ ақпаратты www.elorda-din.kz сайтынан алуға болады.