
Астанадағы кинотеатрлардың бірінде «SOS Балалар ауылы» тәрбиеленушілері мен «Жас сарбаз» клубы мүшелері патриоттыққа баулитын анимациялық фильмді тамашалады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталған іс-шара Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы», ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, SF ресторан желісі, Kinopark кинотеатры және Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық өңірде әсери-патриоттық қоғамдық бірлестігі құрылды. Осы қозғалыс бес жылдың ішінде ауқымды істер атқарды. Жылда балалар үйімен тығыз байланыста жұмыс жасаудамыз.
Соның ішінде Астана қаласы «SOS Балалар ауылы» бар, мұнда да біз «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубын құрып, жас жеткіншектерге ерлік сабақтарын өткізу арқылы олардың отансүйгіштік рухын арттыруға үлес қосып келеміз.
Бүгінгі балалар мен жасөспірімдерге ұсынылып отырған фильм де мақсатқа жету жолындағы ерік-жігерді шыңдауға баулиды. Бүнігні көрсетілімге 100 баланы қамтып отырмыз. Оның ішіінде 50 бала балалар үйінен болса, қалғаны «Жас сарбаздықтар» , - деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қаласы филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.
Бұл игі іс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.
Балалар фильмді тамашалаған соң бір-бірімен пікір алмасты.