
Елордада көптен күткен күзгі ASTANA RUN Challenge FINAL стартына тіркелу басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
17 қыркүйекте триатлон саябағында 700-ден астам жүгіруші жарысқа қатысады.
Жарыс 10 км қашықтықта өтеді.
Финалдық жарыстың ерекшелігі – жүлделі орындар саны – 10, әр жас бойынша және гендерлік санатта болады.
Оған қатысу үшін балаңызды елордалық триатлон федерациясының triathlonnursultan.kz сайтына сілтеме бойынша тіркеу қажет.