Астанада құтқарушылар көпқабатты үйдегі шартты өртті жойды

Астанада құтқарушылар көпқабатты үйдегі шартты өртті жойды

Есіл ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері СПиАСР ММ-мен, сондай-ақ аудан әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп «Дом на ботаническом» ТК аумағында ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты елордалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Оқу-жаттығуға сәйкес, 7-қабатта шартты өрт болды, түтін мен от үш қабатты – 6-дан 9-ға дейін басып қалды.
Оқу-жаттығуға 8 бірлік арнайы техника, оның ішінде 3 автосаты жұмылдырылды.
Авариялық-құтқару жасағы қызметкерлерінің адамдарды құтқару тетігі пысықталды.

Үй тұрғындарына өрт қаупі төнген кезде жедел іс-қимылдар қалай жасалуы керектігі көрсетілді, сондай-ақ өрт кезіндегі іс-қимылдар және тұрмыста өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ұсыныстар берілді. ТЖБ қызметкерлері осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын, оқу-жаттығулармен елорданың барлық ауданы қамтылғанын атап өтті.