
Е.Рахмадиев атындағы елордалық мемлекеттік академиялық филармонияда «Wir sind zusammen» республикалық неміс мәдениетінің фестивалі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Фестиваль филармония ғимаратының алдындағы алаңда өтті. Мұнда қонақтар мәдени және интерьер заттарымен жақынырақ танысты. Сондай-ақ виртуалды мұражай мен неміс халқының тағамдары ұсынылды. Астанадан және облыстардан келген топтар шығармашылық қойылымдар көрсетті.
Іс-шараның ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен, Парламент Сенатының депутаты Евгений Болгерт, Астанадағы Германия елшілігінің өкілі Зилликенс Клаус, доктор Александр Шумахер, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Марат Әзілханов және Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов қатысты.
«Бүгінгі шуақты күнде Неміс Ренессансы қоғамы неміс мәдениетінің республикалық фестивалін ұйымдастырды.
Республикамыздың түкпір-түкпірінен және өзге өңірлерден қонақтар келді.
Кең көлемде жәрмеңкелер, көрмелер, шеберлік сыныптары мен экскурсиялар ұйымдастырылды.
Қолданбалы өнер, неміс асханасы, неміс үйінің интерьері мен тіл салонының шеберлігі көрсетілді. Мереке ашық аспан астында өтті.
Сондай-ақ филармония ғимаратында шоу мен концерт ұйымдастырылды», - деді елордалық ҚХА хатшылығының қызметкері Гүлнәр Тайгокова.
Жиынды Германия үкіметінің қаржылық қолдауымен, Орталық Азиядағы BMI бағдарламасымен, «Ренессанс» қазақстандық немістер қауымдастығы, Deutsche Allgemeine Zeitung газеті және Алматы қаласының Республикалық академиялық неміс драма театры, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.