
Екінші мәрте өтіп жатқан «Ұлы дала жорығы» жарысының төртінші кезеңі аяқталды. Кеше 17 команда Қарағанды облысы Талдысай өңірінен Ұлытау облысы Айдар қыстағына дейінгі 100 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Бұл кезеңде Астаналық шабандоздар мәре сызығына бірінші болып келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Төртінші кезеңдегі жүлдегерлер:
Астана қаласы – 6:55:45;
Маңғыстау облысы – 7:04:58;
Ақтөбе облысы – 7:21:09.
Ал жалпыкомандалық 4 турдың нәтижесі бойынша Астана қаласының құрама командасы төртінші орынға табан тіреді.
4 турдың жалпы нәтижесі (350 шақырым):
Маңғыстау облысы – 23:36:51;
Жамбыл облысы – 23:54:33;
Жетісу облысы – 24:40:02.