
Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жаңажол көшесінде орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 9-10 қыркүйек аралығында Жаңажол көшесінің Алаш тас жолынан Мұнайшылар көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.