Астанада өтетін жәрмеңке: Атырау мен Жамбыл облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады

Астанада өтетін жәрмеңке: Атырау мен Жамбыл облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады

Астанада облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы жалғасуда. Алдағы демалыс күндері, яғни 8 және 9 қыркүйек күндері Атырау мен Жамбыл облыстарының шаруалары өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, Астанада 2 қыркүйек күні өңірлерден келген тауар өндірушілердің қатысуымен облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталған болатын.
Олар 29 қазанға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді.

Астанада алғаш болып Түркістан облысының шаруалары өз өнімдерін ұсынды.

Барлық өнімдер нарық бағасынан төмен бағада сатылады.

Алдағы демалыс күндері елордаға Атырау және Жамбыл облыстарының тауар өндірушілері келеді.

16-17 қыркүйек – БҚО және Қызылорда облысы.

Одан әрі Алматы және Жетісу облыстары, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды, Ұлытау облыстары өз өнімдерін ұсынады. 28 және 29 қазандағы өңірлік жәрмеңкелер маусымын Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері аяқтайды.

Биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің өтетін орны өзгерді. Өткен жылы «Астана Арена» (Тұран даңғылы, 48) алдындағы автотұрақта өткізілсе, биыл жәрмеңке өтетін орын Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайы бойынша ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшті.

Еске салайық, демалыс күндері Астанада қалалық жәрмеңкелер де өтеді. Олар әдеттегідей сенбі-жексенбі күндері ұйымдастырылады. Бұл жәрмеңкелерге азық-түлік өнімдерін көтерме жеткізушілер, жақын маңдағы шаруа қожалықтары қатысады. Жәрмеңкелер әр ауданда, арнайы белгіленген жерде өткізіледі.