Астанада көмірді қайдан және қандай бағаға сатып алуға болады

Астанада көмірді қайдан және қандай бағаға сатып алуға болады

Бүгінде Астанада тұрғындарға арналған 11 қойма мен 14 көмір сату пункті бар, олар толықтай тиісті инфрақұрылыммен және жүк тиеу техникасымен жабдықталған. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының отын-энергетика ресурстары бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сауда орындарында 8 компания өз қызметін жүзеге асырады. Бір күнде сатылатын көмір орындар 21 459 тонна немесе 311 вагонды қабылдауы мүмкін.

Жылыту маусымына дайындық және өткізу барысында көмір сатушылар 364 мың тонна көлемінде өтінім берді.

Осы жылдың 1 мамыры мен 6 қыркүйегі аралығында қала тұрғындарына қажетті 149 мың тонна көмір жеткізілді.

Қазіргі таңда көмір қоры 22 мың тоннаны құрайды.

Көмірдің орташа бағасы мынандай:

Шұбаркөл – тоннасына 15 100 теңге;
Қаражыра – тоннасына 15 500 теңге;
Майқұба – тоннасына 13500 теңге.

Сондай-ақ Астанада 109 нөмірі бойынша «жедел желі» жұмыс істейді, ол жерден көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғын білуге болады.