Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді

Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді

7 қыркүйекте елордадағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында түрлі мамандықтар бойынша 650-ден астам бос жұмыс орны ұсынылады.

Іс-шара 7 қыркүйек күні сағат 14.30-дан 17.00-ге дейін «Жастар» сарайында (Республика даңғылы, 34) өтеді.