
2023 жылдың 1 қыркүйегі мен 31 желтоқсаны аралығында елордада халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар үшін үй жануарларын тегін сәйкестендіру жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Үй жануарларының иелері Абылай хан даңғылы, 52а мекенжайы бойынша орналасқан «Пушистый друг» ветеринарлық клиникасына жүгіне алады, байланыс телефоны 8-775-945-96-36.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 11:00-ден 19:00-ге дейін (түскі ас 14:00-15:00), сенбі-жексенбі демалыс.
Иттер мен мысықтарды тіркеу кезек тәртібімен өтеді. Тіркеу рәсімі үшін жануармен бірге келу, итте тұмылдырық болу керек, сондай-ақ өзімен бірге мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген телефон болуы қажет.