
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы әлеуметтік гранттар байқауын жариялайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
14-35 аралығындағы кез келген қала тұрғыны волонтерлік жобаларды іске асырып, бағын сынай алады. Грант сомасы – 350 мың теңге!⠀
Өтінімдерді қабылдау 1-10 қыркүйек аралығында өтеді. Қатысу үшін бар болғаны өтінім қалдыруыңыз керек.⠀
Өтінім үлгісі elorda_jastary парақшасында көрсетілген. Байланыс нөмірі: +77003009060 нөміріне хабарласа аласыз.