Астанада араға төрт жыл салып The Spirit of Astana фестивалі кезекті рет өтеді

Астанада араға төрт жыл салып The Spirit of Astana фестивалі кезекті рет өтеді

Астанада араға төрт жыл салып The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді. Іс-шара Конституция күні, яғни 30 тамызда EXPO жазғы Open-air алаңында өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Халықаралық фестиваль өз сахнасында этникалық музыканың үздік орындаушыларының басын қосады: TURAN (Қазақстан), ABBOS (Өзбекстан), BINT EL FUNK (Израиль), KEREKES BAND (Венгрия), MGZAVREBI (Грузия), DJ PUZA (Қазақстан). Басталуы: 17:00.

Сағат 12:00-ден бастап фестиваль аумағында киіз және былғарыдан түрлі туындылар жасау, керамика, кескіндеме, мата кескіндеме және флористика бойынша шеберлік сыныптары өтеді, сонымен қатар қонақтарға әлемнің түрлі халықтарының тағамдары ұсынылады, сол сияқты қолөнершілер жәрмеңкесін өткізу де жоспарда бар. 14:00-ден 17:00-ге дейін ұлттық ойындар ойнатылады: ханталапай, тоғызқұмалақ, асық ату (бес табан), өгіз тарту, бес асық.

The Spirit of Astana түрлі жастағы адамдарды музыкалық және мәдени демалуға арналған. Фестиваль түрлі халықтар мен олардың мәдениеттерін біріктірудің символына айналды, бұл жобаның негізгі философиясы болып саналады. 
 
Фестиваль алғаш рет Астанада 2017 жылы өтті.
 
«Бұл фестивальдің жандануы біз үшін, оның ұйымдастырушылары үшін және Астананың барлық тұрғыны үшін маңызды.

Музыка бақытты, бейбітшілік пен махаббатты дәріптейді. Түрлі этностар мен халықтарды музыкаға деген сүйіспеншілігі біріктіріп, олардың бір сахнада таланттарын паш етуі ерекше көңіл күй сыйлайды», – дейді Alash Media Group холдингінің бас директоры Зәуре Қазыбаева.

Оның жұбайы Батыр Қазыбаев The Spirit of Tengri және The Spirit of Astana жобаларына ерекше шабыт беріп, қолдау жасаған.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Jusan – фестивальдің серіктесі.