Астанада Конституция күніне орай бәйгеден республикалық турнир өтеді

Астанада Конституция күніне орай бәйгеден республикалық турнир өтеді

Конституция күні Астанада «Қазанат» ипподромында бәйгеден республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Астана әкімдігінің қолдауымен ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің қалалық федерациясы ұйымдастырды.

Еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық шабандоз «Қазанат» ипподромында бақ сынайды. Жарыс бағдарламасында 2400 метрлік «ұшқыр», 18 шақырымдық «топ» және 25 шақырымдық «аламан» бәйге бар.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.

Көрермендер үшін кіру тегін.

Турнир 30 тамызда сағат 11.00-де басталады.