
CTS жол ақысын төлеудің жаңа электрондық жүйесін (ЖТЭЖ) жаңалаумен қатар, диспетчерлеу жүйесін кезең-кезеңімен өзгертуді бастайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа жүйені енгізу нәтижесінде қоғамдық көліктің қозғалыс аралығы, сондай-ақ ЖТЭЖ және диспетчерлеу жүйесі жабдықтарының ақаулығы себебінен автобустардың техникалық бұзылуы азаяды.
Сонымен қатар, жаңашылдық бақылау мен диспетчерлеу бойынша жабдықтардың жұмысын тұрақтандыруға, сервистерде автобустардың көрсету сапасын жақсартуға, жүйені жаңарту жиілігі есебінен автобустарды дәл бақылауға, бағдарларға қызмет көрсету сапасын бақылауға, сондай-ақ есепке алуды автоматтандыруға көмектеседі.
Бұл күндері жүйені әзірлеушілер CTS қызметкерлері мен елорда тасымалдаушыларына диспетчерлеудің жаңа жүйесі бойынша оқыту жүргізуде.