
Елордадағы «Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешенінің конференц-залында Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмагүл Ерсінқызы мемлекеттік қызметшілерімен жиын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жиынға қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және басқармаға қарасты мекеме басшылары, қызметкерлері мен жаттықтырушылары қатысты.
Жиын барысында Алмагүл Кенебаева «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды алдын алу және ескерту» тақырыбы аясында мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін жауапкершіліктері жөнінде әңгімеледі.
Сондай-ақ пара бопсалауға немесе пара бопсалады деп арандатуға себеп болатын мінез құлықтың бірнеше факторларын мысалға келтірді. Мұндай теріс қылықтардан қорғайтын бірден бір жол ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары) нормаларын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілер, сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның белгілері туралы айтты, неғұрлым кең таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша қылмыстық-құқықтық статистиканың нәтижелерімен таныстырды.