
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Спорттың олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы», Астана қаласының тоғызқұмалақ федерациясы және «Asarume» қайырымдылық қоры бірлесе отырып, «Кең жүрек мың бала» акциясын жүзеге асырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Asarume» қайырымдылық қоры бастаған бұл акцияның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, моральдық, материалдық тұрғыдан, білім, спорт салаларынан қолдан келгенше көмек көрсету.
Қалалық спорттың олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы атаулы акцияны назардан тыс қалдырмады. Акция аясында тоғызқұмалақтан Астана қаласы құрама командасының спортшылары мен мекеменің аға жаттықтырушысы Нұржан Конарбаев «Asarume» қайырымдылық қордың тізімі бойынша шақырлған балаларға айтулы спорттың қыр-сырымен, ережелерімен бөлісіп, ойын барысын көрсетті.
Мұндай игі істі қашанда тыс қалдырмаған қалалық спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясының басшысы Дастан Жұмабайұлының айтуынша алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын екендерін айтты.
«Қайырымдылық ісіңнен көрінеді, дейді қазақ.
Қайырымдылық – асыл қасиет. Соңғы жылдары елімізде түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандар саны артып келеді. Қазіргі таңда атаулы спорт түрі Астана қаласында жоғары деңгейде дамып, қызығушылық танытқан адамдар саны күннен-күнге артуда. Елордада спорттың бұл түрімен 3500-ден астам спортшы айналысады және 51 спортшы қала құрамасында және 10 спортшы ҚР Ұлттық құрамасына кіреді.
Спортшыларымыз Астана қаласында тоғызқұмалақ спорт түрімен 8 орында айналыса алады. Атап айтқанда, «Оқушылар сарайы», «Береке» аула клубы, «Ақшоқы» паралимпиадалық орталығы, «Арқа Алан» спорт клубы, «Темірлан» аула клубы, «Замандас» аула клубы, №87 мектеп-гимназияда», – дейді мекеме басшысы Дастан Алдашов.