Астанада өзге өңірлерге қоныс аудару бойынша кеңес беру іс-шарасы өтеді

Астанада өзге өңірлерге қоныс аудару бойынша кеңес беру іс-шарасы өтеді

Жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі аясында 24 тамыз күні «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Павлодар облыстарына қоныс аудару бойынша кеңес беру жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара «Жастар» сарайында сағат 14.30-ден бастап 17.00-ге дейін өткізіледі.

Өңіраралық қоныс аудару жұмыс күші жұмыс күші жетіспейтін облыстарға жұмысқа орналастыруға немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу бойынша міндеттемелермен жүзеге асырылады. Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға мемлекеттік қолдау қарастырылған:

1) адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне материалдық көмек беру;
2) қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беру;
3) кәсіптік оқыту;
4) жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу және т.б.

Сонымен қатар, қоныс аудару бойынша шағын-жәрмеңке ағымдағы жылдың 25 тамызында Еңбек мобильділігі орталығында (Мансап орталығы) сағат 09:00 ден 17:00 дейін өткізіледі.