
Астананың №12 кітапханасы «Руханият» КММ-мен бірлесіп қазақ тілінің тегін курстарын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақ тілін оқыту жаңадан бастағандарға, оқып жүрген ересектерге офлайн форматта жүргізіледі. Курс 21 тамызда басталады. Оған кез келген адам қатыса алады, өзімен бірге жеке куәліктің көшірмесі болуы керек.
Сабақ аптасына 2 рет 1 сағат 20 минуттан өткізіледі.
Курстарға мына мекенжай бойынша жазылуға болады: Луи Пастер көшесі, 73, 10:00-ден 17:00-ге дейін. Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 21-77-71 сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.