Астанада спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасында футболдан ҚР чемпионаты өтеді

Астанада спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасында футболдан ҚР чемпионаты өтеді

Астанада 12 жасқа дейінгі спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс 17-25 тамыз аралығында «Жас Батыр» стадионында өтеді.

Үздік команда атағы үшін Қазақстанның 12 өңірінен: Астана, Шымкент, Алматы қалалары, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарынан 250-ден астам спортшы таласады.

Турнирдің ресми ашылу салтанаты 18 тамыз күні сағат 11:30-да «Жас Батыр» стадионында өтеді.