Астанада 31 тамыздан бастап желіге екі жаңа маршрут шығады

Астанада 31 тамыздан бастап желіге екі жаңа маршрут шығады

Елорда тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Астана қаласында маршруттар саны артады. 31 тамыздан бастап желіге екі жаңа бағдар шығады - №49 және №57, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

№ 49 бағдар Мамандандырылған ХҚО-ны Бас мешітпен байланыстырады. Бұл «Көктал-1» – «Көктал-2» ТА және «Көктал» паркі «Жағалау» ТА-мен көлік байланысын жүзеге асырып, Ш. Айтматов, Сығанақ және Бас мешіт көшелеріне көліктік қызмет көрсетуді жақсартады.

№ 57 бағдар «Нұрлы жол» теміржол вокзалы мен Қазыбек би көшесін біріктіреді. Бұл бағытты іске қосу Төле би көшесінде жолаушылар тасымалдауға, Сығанақ, Сарайшық және А.Байтұрсынұлы көшелерінде көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша, №40 бағдардың жүктемесі төмендетіледі. Сондай-ақ, Р.Қошқарбаев даңғылында автобустарды іске қосу мүмкіндігі пайда болады.