
Жаздың соңында елорда тұрғындары мен қонақтары кезекті ауқымды жарысты тамашалай алады. 21-25 тамыз аралығында Ж.Үшкемпіроы атындағы Жекпе-жек сарайында жасөспірімдер мен кадеттер арасында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтеді (U14-U21), деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Биыл турнирге 42 елден 1200-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан намысын 194 спортшы қорғайды.
Қатысушы елдер: Австрия, Бангладеш, Бельгия, Болгария, Канада, Қытай, Хорватия, Кипр, Германия, Португалия, Колумбия, Ангола, Франция, Италия, Грекия, Венгрия, Ирак, Израиль, Оңтүстік Корея, Филиппин, Өзбекстан, Таиланд, Македония, Иран, Дания, Қаратау Республикасы (Црна Гора), Словения, Нидерланд, Моңғолия, Қырғызстан, Палестина, Польша, Румыния, Сауд Арабиясы, Словакия, Швеция, Швейцария, Тәжікстан, БАӘ, АҚШ, Қазақстан.