
Қобызшылар триосы Абай күніне орай қаланың көрікті жерлерінде «Көзімнің қарасы» туындысын шырқады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұра ауданы әкімдігі ұйымдастырған акцияға Астана қаласындағы №1 өнер мектебінің оқушылары Айым Абдрахманова, Ясмин Асхатқызы және оқытушы Әйгерім Мұханбетжан қатысты. Қобыз елорданың көрнекті жерлерінде ойнатылды.
«Абай шығармаларын әрқайсымыз бала кезімізден білеміз. Біз олармен бірге өстік. Ұлы Абайдың шығармашылығы – ұрпақтан-ұрпаққа берілуі тиіс мұра.
Ақынның шығармалары әрдайым есте қалсын», - деді Әйгерім Мұханбетжан.
Биыл елімізде ұлы ақын және философтың 178 жылдығы атап өтіледі.