
Биыл елімізде ақын Абай Құнанбайұлының 178 жылдығы атап өтіледі. 10 тамыз ақынның туған күніне орай әлеуметтік желілерде қазақ қайраткерінің еңбектерін насихаттайтын челлендж бастау алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Әлеуметтік желілерде Абайдың шығармаларын жатқа оқу бойынша челлендж іске қосылды.
Оған елорданың Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, оның ішінде ұйымның жастар қанатының өкілдері белсенді қатысады.
Елордада тұратын түрлі этностардың өкілдері Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, әлеуметтік желіде #abaychallenge хэштегімен бейнероликтер жариялайды.
Айта кетейік, 10 тамызда Астанада Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен өмір жолына арналған ондаған түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Мерекелік ісшаралар ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.