Бекетай мен Мәскеу көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Бекетай мен Мәскеу көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бекетай-Мәскеу көшелерінің қиылысында жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 10-12 тамыз аралығында жөндеу жұмысына байланысты жоғарыда көрсетілген учаскеде көлік қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.