
Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша республикалық Бас мешіт ауданындағы тұрғын үйлерді орталық жылумен қамтамасыз ету мақсатында қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы НС-14-тен ТМ-47-ге дейінгі магистральдық жылу трассасын салу жобасы аясында жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 5-23 тамыз аралығында Тұран даңғылының Хусейн Бен Талал көшесінен Қарқаралы тасжолы бағытына қарай учаскесінде құрылыс-монтаждау жүргізуге байланысты қозғалыс екі бағыттағы негізгі жолақтардың жабылуымен уақытша схема бойынша ұйымдастырылатын болады.
Көлік құралдары жергілікті жолдармен жүре алады.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу уақытында кептеліс болдырмас үшін Қабанбай батыр даңғылының Қарқаралы тасжолынан Сығанақ көшесіне дейінгі учаскесінде осы жылдың 5-23 тамыз аралығында маршруттық қоғамдық көлікке арналған бөлінген жолақ (Bus Line) бойынша барлық көлік қозғала алады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген өзгерістерді назарға алып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.