Бүкіләлемдік омыраумен емізу апталығы: Астананың медициналық мекемелерінде ашық есік күндері өткізіледі

Бүкіләлемдік омыраумен емізу апталығы: Астананың медициналық мекемелерінде ашық есік күндері өткізіледі

1-7 тамыз аралығында әлемнің барлық елінде Бүкіләлемдік бала емізу апталығы өтуде. Оның мақсаты көпшілікке ана сүтінің бала ағзасы үшін пайдалы екендігін түсіндіру. Қазіргі уақытта Астана қаласының барлық Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары мен акушерлік блоктарында «Ашық есік» күндері өткізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Емізу ана мен бала арасындағы байланысты табиғи түрде нығайтады, дейді мамандар.

Емізу кезінде ана мен бала тығыз байланыста болады, бұл окситоцин гормонының – «махаббат гормоны» деп аталатын гормонның өндірілуіне ықпал етеді. Бұл ана мен бала арасында сенім мен сүйіспеншілік сезімін арттырады.

Дәрігерлер бұл маңызды істі қолдауға және омырау сүтімен емізу мерзімін ұзартуға шақырады.