
«Астана-АЭК» АҚ абоненттік учаскесі енді жаңа мекенжайға көшті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
2023 жылдың 7 тамызынан бастап қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін «Астана-АЭК» АҚ абоненттік учаскесі Астана қаласы, А.Иманов көшесі, 11 мекенжайына көшіп келеді.
Жаңа кеңсе мынадай кесте бойынша жұмыс істейді:
- жұмыс күндері: сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін;
- сенбі: сағат 08:30-дан 13:00-ге дейін.
Айта кету керек, 7 тамыздан бастап Астана қаласы, Абай көшесі, 80 мекенжайы бойынша абоненттік учаске келушілерді қабылдамайды.