
Дәлелсіз себептермен мектепке бармайтын балаларды анықтау мақсатында Астана қаласы Полиция департаментінің учаскелік инспекторларымен бірлесіп тұрғын үй алаптарына, мекенжайларға рейдтер жүргізілуде (Үркер, Пригородный, «Телман, Заречное, Теміржолшылар, Көктал, Интернациональный, Мичурино, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс). Бұл туралы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Құрметті қала тұрғындары, өздеріңіз тұратын үйде, аулаңызда, таныстарыңыздың арасында кәмелет жасқа толмаған мектепке бармайтын балаларды байқасаңыздар Білім басқармасына немесе учаскелік полиция қызметкерлеріне хабарлауларыңызды сұраймыз. Біздің және жалпы қоғамның мақсаты барлық балаларды орта біліммен қамтамасыз ету.
Сондықтан да осы істе қолдауларыңызды сұраймыз», - дейді Қасымхан Сенғазыев.