
Қоғамдық талқылауды 16-21 тамыз аралығында елордалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, сондай-ақ Есіл, Нұра, Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр аудандары әкімінің аппараттары өткізеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Астанада Жеңіс және Бөгенбай Батыр даңғылдарының, Достық және Қабанбай батыр даңғылдарының, Қорғалжын тас жолының, Анатолий Храпатый, Әбубәкір Тыныбаев, Шарль де Голль көшелерінің, Тәуелсіздік даңғылының қиылысы учаскелерінің аумағында егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар өткізіледі. Мұнда гүлзарлар, жағалаулар және басқа да қоғамдық кеңістіктер мен ғимараттар салу жоспарланып отыр. Талқылаулар 2023 жылдың 16-21 тамызы аралығында сағат 10:00-17:00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13:00-14:30-ға дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері) Республика даңғылы, 32, 1-қабат мекенжайы бойынша өткізілетін болады.
Дәлелді пікірлер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық пошталарға nura.astana.kz@gmail.com, Esil.akimat@astana.kz, almaty.aydany.kz@gmail.com, baykonyr@astana.kz, saryarqa.astana.kz@gmail.com немесе қолма-қол Астана қаласы, Ә.Мамбетов көшесі 24 үй, Республика даңғылы 32 үй, 1-ші қабат, ұсыныстарға арналған жәшіктері арқылы жіберуге болады.