Мәңгілік ел даңғылында жаңа аялдама пункті іске қосылды

Мәңгілік ел даңғылында жаңа аялдама пункті іске қосылды

Жаңа аялдама «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасына жақын жерде орналасқан және ол «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасы аялдамасы деп аталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл аялдама, 28 шілдеден бастап № 15, 15А, 18, 35, 43, 46, 54, 70 бағдарларымен қызмет көрсетілетін болады.

Айта кетейік, қазіргі «Мәңгілік Ел» Салтанат қақпасы» аялдамасының атауы «Бұхар жырау көшесі» болып өзгертілді.