Астанада балалар арасында аула футболынан турнир өтеді

Астанада балалар арасында аула футболынан турнир өтеді

Астанада балалар арасында аула футболынан ауқымды турнир өтеді. Өтінімдер 31 шілдеге дейін қарастырылады. Чемпионатқа қаланың әрбір тұрғын үй кешенінің командалары қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аула футбол клубтар лигасы (АФКЛ) өткізетін чемпионат 5+1 форматында болады. Бұл ретте топ мүшелерінің саны 8 адамнан кем болмауы тиіс.

Турнир дөңгелек жүйе бойынша өтеді, яғни әр команда басқа командалармен кемінде 1 ойын өткізеді. Топтық кезеңнің жеңімпаздары (аудан командалары арасында) және екінші орын алған үш команда play-off кезеңіне шығып, бірінші орын үшін ойнайды.

Жеңімпаздар мен жартылай финалистер естелік сыйлықтармен, дипломдармен, кубоктармен және т.б. марапатталады.

Қатысу үшін өтінім толтырып, аulaligasy@mail.ru поштасына жіберу қажет. Толық ақпаратты 8 701 445 48 48 нөмірі арқылы алуға болады.