
Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Молдағұлова мен Уәлиханов көшелері бойында жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жөндеу жұмысына байланысты 22-24 шілде аралығында Ә.Молдағұлова көшесі бойында Бекетай көшесінен Г.Потанин көшесіне дейін көлік қозғалысы толығымен жабылды.
Сондай-ақ 23-24 шілде аралығында Ш.Уәлиханов көшесі бойында Абай даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейін қозғалыс жабылады.
Сонымен қатар 22-24 шілде аралығында Абылай хан даңғылының Ғ. Мүсірепов көшесінен Манас көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс ішінара жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.