Речной тұйық көшесінде жөндеу жүргізіледі

Речной тұйық көшесінде жөндеу жүргізіледі

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жылыбұлақ тұйық көшесінен бастап Сүткент тұйық көшесіне дейінгі учаскедегі Речной тұйық көшесіндегі жол төсеміне жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 19-20 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.