
Астананың 25 жылдығына орай елорда тұрғындары мен қонақтары үшін дрондардың ерекше және бұрын-соңды болмаған шоуы ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қазақ елі» алаңында өткен дрондар шоуы елорда аспанын ерекше күйге бөледі.
«Елорда көгіне көтерілетін дрондар түрлі-түске боялған бейнелерді сомдап, түнгі аспанды жарқ-жұрқ еткен қойылыммен көмкерді. Сондай-ақ дрондар жарық иллюминаторы арқылы елорданың әсем ғимараттарын көрсетті. Бұл мерекелік шоу маған қатты ұнады», – дейді қала тұрғыны Абай Қадыр.
Дрондар түнгі аспанда Астананың көрнекті нысандарын көрсетті.
Мерекелік бағдарламаға 500 дрон қатысты.
Айта кету керек, дрондар шоуы демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылды. 25 000-нан астам адам Оpen Аir мерекелік концертіне және Қазақ елі монументінің жанындағы дрондар шоуына қатысты.