
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана каласының ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Сарайшық көшесінен бастап «Тұлпар» көпіріне дейінгі учаскеде Тұран даңғылында орташа жол жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Осыған байланысты 6-8 шілде аралығында көлік қозғалысы Сарайшық көшесінен бастап Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскеде толығымен жабылатын болады.
Сонымен қатар 8 бен 10 шілде аралығында Қорғалжын тас жолынан «Тұлпар» көпіріне дейінгі учаскеде жол толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.