Астанада журналистер саябағы ашылды

Астанада журналистер саябағы ашылды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Егемен Қазақстан көшесінде БАҚ өкілдеріне арналған саябақ ашылғанын мәліметті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорданың 25 жылдығы қарсаңында «Журналистер саябағы» ашылды. Бұл саябақ Егемен Қазақстан көшесінің бойында орналасқан. БАҚ қызметкерлерінің құрметіне тілшінің, оператордың, оқырманның мүсіні қойылды. Сондай-ақ көлеңкелі шатырлар, БАҚ-қа арналған арт-нысан және т.б. орнатылды.

БАҚ қызметкерлерінің арқалаған жүгі ауыр әрі күрделі. Олардың еңбегінің арқасында елорда тұрғындары мен қонақтарына жедел және маңызды ақпарат жеткізіледі.

БАҚ өкілдеріне жауапты жұмысы үшін алғысымды білдіремін.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт тілеймін!

Осыған дейін қаламызда ұстаздардың, медицина қызметкерлерінің, құтқарушылардың құрметіне гүлзарлар ашылған болатын. Биыл барлығы 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістікті (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырамыз», - деп жазды елорда әкімі.