
Ұлттық домбыра күні аясында 2023 жылдың 1 шілде күні елорданың барлық білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Күй күмбірі» атты домбырашылар челленджі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Челлендж білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, балалардың домбырада орындау өнерін насихаттау мақсатында өтті.
Ұлттық домбыра күніне ұйымдастырылған қалалық челлендж жетекшісі – Астана мемлекеттік академиялық филармониясы Қорқыт этно-ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Мәдениет қайраткері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Шолпан Қорғанбек.
Іс-шарада халық күйі «Тепең көк», Құрманғазының күйі «Балбырауын» және Әбдімомын Желдібаевтың күйі «Ерке сылқым» шығармалары орындалып, 500 ден аса бала қатысты.
«2018 жылдан бастап, домбыра күні атап өтіледі. Бұл аспап қазақ халқының бүкіл тарихын баяндайды және балаларымыздың қазақ ұлттық аспабы туралы мүмкіндігінше көбірек білгенін қалаймыз. Өткен жылдан бастап қаланың барлық мектебінде домбыра үйірмелері ашылды. Осы жылы ұлттық аспапта ойнаумен белсенді айналысатын балалар 2,5 мыңға өсті, менің ойымша, бұл көрсеткіш өседі. Домбыраның тарихы 4 мың жылдан асады және болашақта болашақта Құрманғазы, Дина сияқты көрнекті музыканттардың болғанын қалаймыз», - деді Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.