Астана тұрғындарының Экология вице-министрімен кездесу уақыты өзгерді

Астана тұрғындарының Экология вице-министрімен кездесу уақыты өзгерді

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің елорда халқымен кездесуінің уақыты ауыстырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының әкімдігі 2023 жылғы 30 маусымда өтетін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Мансұр Ошурбаевтың Астана қаласының тұрғындарымен кездесу уақыты сағат 09:00-ге ауыстырылғанын хабарлайды.

Кездесу Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13 мекенжайында өтеді. Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Іс-шара аясында жоспарланған:
09.00 - Азаматтарды жеке қабылдау;
10.00 - Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг;
10.30 - Астана қаласының тұрғындарымен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдарымен кездесу.

Астана қаласының тұрғындары сұрақтары мен ұсыныстарын вице-министрмен кездесуде қоя аладыр немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар:
WhatsApp нөміріне: 8 (701) 100-44-66 және электрондық мекенжайға:
s.koblashov@ecogeo.gov.kz.

Жеке қабылдауға жазылу үшін 8-701-100-44-66 және 8-708-943-36-20 нөмірлеріне хабарласу қажет.

Азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз.