
"Астана Энергия" АҚ қызметкері мен "Абу-Даби Плаза" қызметкерінде коронавирус анықталды.
"Астана-Энергия" АҚ ғимаратында және аумағында әскери бөлімдермен бірлесіп дезинфекциялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Науқаспен жақын байланыста болған 11 адам (9 адам жұмыс барысында) үй карантиніне алынды. Ал коронавирусқа шалдыққан адам стационарда жатыр. Қауіп-қатердің жоқтығына байланысты кәсіпорын жұмысы жалғастыруда. Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Көлік дезинфекцияланды. Қызметкерлер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.
"Абу-Даби Плаза" қызметкері жарты айдан астам уақыт жұмыста болмағандықтан әріптестерімен қарым-қатынаста болмаған. Жақын қатынаста болған 2 адам анықталды (ұйым қызметкерлері емес). Қазіргі таңда біреуі стационарда, екіншісі үй карантинінде. Науқас қызметкердің әріптестерімен қатынаста болмағанына қарамастан жұмыс уақытша тоқтатылды. Аумақта дезинфекция жүргізілді. Жақын арада жұмыс қайта басталады.
Нұр-Сұлтанда барлығы 268 адам коронавируспен ауырып, 110 адам сауықты.