Мемлекеттік комиссия 20 сәуірден бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, Нұр-Сұлтан қалаcында жұмысын қайта бастайтын ұйымдардың тізімін бекітті:
- Өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар;
- Құрылыс саласы. Қазіргі таңда 970 нысан жұмысын тоқтатты. Бірінші кезеңде 500-ге жуық нысанның жұмысын қайта бастау жоспарланып отыр. Құрылыс компанияларымен келісімге қол қойылады. Келісімге сәйкес құрылыс компанияларының басшылары қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастыруы қажет. Сонымен бірге жұмыс берушілер қызметкерлерді медициналық маска, қолғап, антисептик сияқты медициналық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге міндеттеледі. Асханадағы үстелдердің ара-қашықтығы 2 метрден кем болмауы керек, ал қызметкерлердің бір-бірінен алшақ отырғызылуы шарт.
- 20 сәуірден кейін ұзақ қыстан кейін жолдарды жөндеуге кірісетін асфальт-бетон зауыттарының жұмысы қайта басталады;
- Құрылыс базарларын қоспағанда ірі құрылыс дүкендері. Мұндай құрылыс дүкендерінің аумағы – 2 мың шаршы метрден жоғары болуы тиіс. Онда маскасыз жүруге тыйым салынады.
- Kөлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
- Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметін жүзеге асыра отырып, сағат 22:00-ге дейін ұзартылады;
- Автосалондар, ТҚС, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;
- Екінші деңгейлі банктер жұмысы сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектей отырып қызмет ете алады.
- Нотариустер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;
Жұмысы қайта жанданатын нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік қатаң сақталуы қажет. Кәсіпорын басшылары барлық қызметкерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге, дезинфекция жүргізуге міндетті. Санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда кәсіпорындар жабылады.
Адам көп жиналатын орындар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар/кафелер (онлайн-тапсырыстардан басқа) жабық қала береді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен қоғамдық көлік жұмысы сәуір айының аяғына дейін жұмыс жасамайды.