Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин аймағының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың 2020 жылғы 15 сәуірдегі шешімі

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин аймағының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың 2020 жылғы 15 сәуірдегі шешімі

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 
15 наурыздағы №285 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның а.ж. 15 сәуірдегі хаттамасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин аймағының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб (бұдан әрі – Штаб),  төтенше жағдайды жою басшысы былай деп ШЕШТІ: 

  1. Карантин және төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Штабтың 2020 жылғы 28 наурыздағы № 06 шешімінің 1, 4-тармақтарында көзделген ұйымдардың қызметін тоқтата тұру және адамдардың, жеке және қоғамдық көліктің жүріп-тұруы бойынша бұрын қабылданған шешімнің қолданылу мерзімі ұзартылсын. 
  1. 2020 жылғы 20 сәуірдегі сағат 00:00-ден бастап қызметтің келесі түрлеріне жұмыс кестесін сағат 09:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін белгілеп, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай және қызметкерлердің орталықтандырылған тасып таратылуын ұйымдастыра отырып, Штабтың 2020 жылғы 28 наурыздағы № 06 шешіміне қосымшада көзделген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің тізбесімен толықтырылсын: 
  • өнеркәсіптік кәсіпорындар; 
  • құрылыс компаниялары (жобалау-іздеу жұмыстары, құрылыс саласындағы сараптама, стандарттау және сертификаттау, авторлық және техникалық қадағалаулар, құрылыс материалдарын өндіру және тасымалдау, оның ішінде жолдарды салу және жөндеу); 
  • күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жалпы алаңы кемінде 2000 м2 болатын ірі құрылыс дүкендері; 
  • көлік, қаттау саласындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар; 
  • автосалондар, автобөлшектер дүкендері және техникалық қызмет көрсету станциялары (қыздырып өңдеу, автожуу); 
  • нотариустер алдын ала жазылу бойынша;

  • химиялық тазарту, кір жуу қызметтері; 
  • ұйымдастыру техникасын жөндеу.