Омаров көшесінің Сығанақ және Мұхамедханов көшелерімен қиылысы кезең кезеңімен жабылады

Омаров көшесінің Сығанақ және Мұхамедханов көшелерімен қиылысы кезең кезеңімен жабылады

Елордалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, кәріздің инженерлік желілері жұмысының басталғаны туралы мәлімдейді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Осыған байланысты 16 маусым мен 30 шілде аралығында Сығанақ көшесі мен Қ.Мұхамедханов көшесінің І.Омаров көшесімен қиылысы көлік қозғалысы үшін кезең-кезеңімен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.