
Сағат 21:09-де елордалық өрт сөндірушілердің күшімен қала маңындағы өрт оқшауланды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты елордалық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Өрттің ауданы – 80 га. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта сөндіру жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, құрғақ шөп пен және қамыстың өртін сөндіруге арнайы техникадан басқа Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағы тартылып, 63 тонна су төгілді.
Оқиға орнында өрт сөндіруді үйлестіру үшін ТЖ Министрі Сырым Шәріпханов пен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бар.