Астана маңындағы өртті сөндіру үшін тікұшақтан 63 тонна су төгілді

Астана маңындағы өртті сөндіру үшін тікұшақтан 63 тонна су төгілді

Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері алдын ала болжам бойынша 50 гектар аумақта құрғақ жерді сөндіруді жалғастыруда. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша алапат өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары 18 рет су құйды, бұл 63 тоннадан астам су. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өртті сөндіруді үйлестіру үшін оқиға орнында.

Елордалық өрт сөндірушілерге көмекке
Ақмола облысының жеке құрамынан 18 адам, 5 бірлік техника және Қарағанды облысынан 5 бірлік техника мен жеке құрамнан 25 адам көмекке шықты.