Нұр-Сұлтанда 17 адам коронавирустан жазылды

Нұр-Сұлтанда 17 адам коронавирустан жазылды

2020 жылғы 16 сәуірде 17 пациент жазылып шыққандықтан үйге жіберіледі. Олар 28-29 наурыз аралығында жұқпалы аурулар ауруханасында стационарлық емдеуде болған. Олар: 

- 10 ер адам және 7 әйел адам; 

- 41,2% (7) - 18-29 жас аралығындағы тұлғалар;

- 47 % (8)- 30-дан 49 жасқа дейінгі тұлғалар;

- 5,9% (1) - 50-ден 59 жасқа дейінгі тұлға;

– 5,9% (1) - 70 жастағы тұлға. 

Барлық емделушілер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды. Пациенттер жүргізілген емдеуден кейін 24 сағат интервалымен 2 рет КВИ-ге тест тапсырды. Тест нәтижесі теріс болды. Бұл адамдарға 14 күн бойы үй карантинінде болу ұсынылды. 

Нұр-Cұлтанда коронавирустан 153 адам сауықты.