
Астана шіркеу округінің дін қызметші архимандриті Сергий православ христиандарын келе жатқан қасиетті Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Дәстүр бойынша христиандар шіркеуге барып, пасхалар мен куличтерді қасиеттеп, бұл мерекені салтанатты түрде атап өтеді. Биыл коронавирус эпидемиясына байланысты шіркеу әкімдікпен, халықтың денсаулығы және қауіпсіздігіне жауапты барлық қызметтермен бірлесіп, Пасха түнінде және Пасха мерекесі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ғибадатханалар жабық болады деп шешті. Біз бұл қадамға азаматтар індет жұқтырмауы үшін баруға мәжбүрміз», – деді архимандрит Сергий.
Бұған қоса, дін қызметшісі «Православие в Астане» инстаграм-каналында астаналық Успен кафедралды соборында өтетін ғибадат ету рәсімінен тікелей эфир жүргізілетінін айтты.
28 сәуір – Ата-аналар күні, қасиетті Радуница күнінде қаланың зираттары жабық болады. Тек жерлеу рәсімдері үшін кіру рұқсат етіледі.
«Қайтыс болғандарды еске алып, дұға еткісі келетіндер арнайы уатсап нөмірге аты-жөндерін жазып жіберсе біз міндетті түрде дұға жасаймыз. Толық мәліметті «Православие в Астане» инстаграм-каналынан білуге болады.
Пасха мейрамы –өмір мерекесі. Біз әрқайсымыз өзіміздің және жақындарымыздың өмірі туралы ойлауға міндеттіміз. Барлық православ христиандарын мәжбүрліктен туындаған бұл шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді архимандрит Сергий.