
"Северное сияние" тұрғын үй кешенінің №1 кіреберісі карантинге жабылды. Аумақта дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кіреберіс қоршалды, полиция қызметкерлері кезекшілік етіп жатыр.
Тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне ғана шығуға болады. Қалған жағдайда үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Дәрі-дәрмектерді тек тапсырыспен алуға болады. Тұрғындар үй карантинінде.