Биыл Нұр-Сұлтан қаласында жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді. Жұмысшылар жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 150 көше жөнделеді. Жұмысшылар жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті.

«Биыл 150 көшені жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 50 көше қаланың орталық бөлігінде – қоғамдық көлік жүретін магистральды көшелер. Олардың көбі орташа, кейбірі күрделі жөндеуден өтеді. 150 көшенің 100-і тұрғын алаптарда. Мысалы, Өндіріс, Кирпичный, Көктал, Лесозавод. Жол жұмыстары барлық тұрғын алаптарда жүргізілетін болады. Біз биыл 21 нысанда жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстар елорданың инженерлік және жол инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді. Биыл бізге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жақсы көмектесуде», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
⠀
ЖҚЖК бағдарламасы бойынша жол жөндеуге 12 млрд.теңге бөлінді. Жұмыстың басым бөлігі тұрғын үй алаптарында жүргізілетін болады. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады.